Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

"Бизнес бастау" бойынша оқыту басталады

c 16:20, 21/04/2021 c 436

Кәсіпкерлікке баулитын, "Бизнес бастау" бағдарламасына оқыту үшін өтініштерді қабылдау басталды. Биыл мамандар 1200-ден астам батысқазақстандыққа бизнесті меңгертпек. 2021 жылы пандемияға байланысты барлық курс онлайн өтпек. Мамандар биыл лек бойынша білім беруді жоспарлап отыр. Аталмыш бағдарламаға қатысу үшін жұмыссыз ретінде атқарушы органда тіркеліп, арнайы жолдамамен, жеке куәлікпен "Атамекен" кәсіпкерлік палатасы, халыққа қызмет көрсету орталығы мамандарына жолығып немесе кәсіпкерлік палатаның арнайы сайтына өтініш жіберуге болады. Оқыту бағдарламасында азаматтар бизнес жүргізудің қыр-сырын меңгертіп, бизнес-жоспар жасап, қайтарымсыз грантқа ие болуы мүмкін. Қазіргі таңда қайтарымсыз грант 200 айлық есептік көрсеткішті құрайды.

Сурет https://atameken.kz/ сайтынан жүктелді

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.