Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Білімдегі былықтар

c 20:45, 05/12/2019 c 808

0:00 / 0:00

Сенаторлар білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовті білім беру саласындағы кемшіліктер үшін сынға алды.Айта кетейік, бұған дейін сенатор Еділ Мамытбеков бастаған топ депутат білім министріне депутаттық сауал жолдап, Жоғарғы оқу орындарындағы және орта білім беру саласындағы олқылықтарды тізбектеп бергенді. Бүгін өткен Сенаттың жалпы отырысына Асхат Аймағамбетовті шақырып алып, депутаттық сауалға ауызша жауап беруін талап етті.Сенаторлар білім министрі Аймағамбетовке неге шүйлікті, бұрынғы білім министрі Сағадиевтің қателіктері үшін жаңа министр жауапты ма? Толығырақ тілші репортажынан.

Сенаторлар білім министрін ортаға алды. Әдетте депутаттық сауалға министрлер жазбаша жауап беретін. Бірақ білім саласындағы олқылықтарға қатты алаңдаған сенаторлар министр Аймағамбетовтен ауызша жауап талап етті. Мәселе, жоғарғы оқу орындарындағы білім сапасына қатысты болды. Депутаттар бүгінгі күні білікті педагог дайындау әлсіреп тұр,- дейді. Соның салдарынан орта білім беру сапасы нашарлап отыр. Жылына 60 мың педагог дайындалса, оның бәрі мектепке барып жұмыс істегісі келмейді. Жалақысы аз. Салдарынан мектептерге 12 мың мұғалім жетпей отыр.

Білім министрлігіне қатысты сауалға бастамашы болған сенатор Мамытбековтің мәліметінше, Қазақстан тәуелсіздік алғанда әрбір облыс орталығында 18 педагогикалық институт болған. Қазір оның бәрі біріктіріліп, салдарынан "мұғалім" деген қызметтің мәртебесі төмендеп, маман тапашылығы туындады. Депутат министрдің бүгінгі жауабына қанағаттанбады. Ол жаңартылған білім беру мәселесіне қарсы.

Сондай-ақ, Сенат білім мен ғылымды екіге бөлуді ұсынады.

Реформадан алдына жан салмайтын білім министрлігі ұтылды. Бүгінгі білім беру жүйесі құрдымға кетіп жатыр,- дейді депутат.

Білім саласындағы былықтар бүгін ғана пайда болған жоқ. Экс-министр Ерлан Сағадиевтің реформасы бұрыннан сыналуда. Сенаторлар бұл кемшілік үшін  жаңа министрді қыспаққа алып отыр деген пікір бар қоғамда.

Тағайындалғанына  бірнеше ай ғана болған білім министрі салада шешілмей жатқан мәселе көп екенін мойындайды.

Еске сала кетейік, бұған дейін білім және ғылым министрінің бұрынғы орынбасары Фатима Жақыпова плагиат дауына ілігіп, Сенаторлардың сауалынан кейін өз еркімен вице-министр қызметінен кеткен болатын. Министрлік бірден плагиат мәселесі бойынша  15 мың ең үздік университет қолданатын антиплагиат жүйесін енгізді.Енді бір рет дайындалған жұмысты екінші рет қорғап шығу деген болмайды, - дейді министр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.