Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Бетперде тапшы

c 21:20, 30/03/2020 c 546

0:00 / 0:00

Елде тарап жатқан коронавирустан қорғалудың бір жолы осы бетперде болып тұр. Дәріханаларда сатылмай жататын бетперде қазір тапшы. Шикізат Қытайдан әкелінетіндіктен, елде оны өндіру қарқыны бәсеңдеп тұр. Вирус тараған бетте қазақстандықтар 25 теңгенің бетпердесін 200 теңгеден алуға мәжбүр болды. Бүгінгі күні медициналық маскалардың бағасы 56 теңгені құрайды. Индустрия министрлігінің хабарлауынша, Қазақстанда бетперде мен  дезинфекциялау құралдарын өндіру қолға алынып жатыр. 28 наурыздағы дерек бойынша, бір тәулікте 773 мың маска өндірілген.

Елде  қауіпті індеттің таралып жатқанына бір айға жуықтады.   Бұл жағдайда вирустан қорғанудың бір жолы медициналық бетперде болып тұр. Үкімет әу баста елде маска тапшылығы болмайды дегенімен, оның құны шарықтап кеткен еді. Дәріханаларда бірден маска тапшылығы орын алып, 25 теңгелік бетпердені  200, тіпті 2000 мың теңгеден сатқандар болды. Бұл алыпсатарлардың әрекеті еді. Кейін бетперденің бағасы төмендеп, қазір дәріханаларда 56 теңгеден сатылуда. Бірақ бір қолға бес данадан ғана беріледі. Соның өзінде елорданың кез-келген дәріханасынан маска табу мүмкін емес. Әлі де болса тапшылық бар. Индустрия министрлігінің мәліметінше, еліміздің кәсіпорындары тәулігіне 800 мыңға жуық маска өндіріп жатыр. Бұған 228 мың фармацевтикалық, 545 мың тігін кәсіпорындары жұмылдырылған.

Гүлнар Ильмалиева – ҚР ИИДМ химия және фармацевтика  өнеркәсібі басқармасының басшысы; «Бүгінде барлық фармацевтикалық және тігін кәсіпорындарының қуаты толық жүктеме кезінде тәулігіне 1 млн.маскаға дейін өндіруге мүмкіндік береді. Тігін және фармацевтикалық кәсіпорындарды маскалар өндірісі үшін шикізатпен қамтамасыз ету мақсатында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі "Azala Textile" ЖШС-мен бірлесіп дәке өндірісін іске қосу мәселесі пысықталды. Бүгінгі күні қуаттылығы тәулігіне 3,6 мың селдір мата шығаратын 3 станок іске қосылды және жұмыс істейді».

Сондай-ақ, отандық тігін кәсіпорындары бірнеше рет қолдануға болатын маскаларды да шығарады. Осы төтенше жағдайда қажетті заттың бірі -дезиинфекциялық құралдар өндіріс де қолға алыныпты.  Министрлік өкілінің хабаралуынша,  28 наурызында 94 мың литрден астам зарарсыздандыру құралы өндірілген.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.