Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Белсендінің өлімі неден болды?

c 18:45, 26/02/2020 c 648

0:00 / 0:00

25 ақпанда елорданың тергеу изоляторында қоғам белсендісі Дулат Ағаділ қайтыс болды деген ақпарат тарағанды. Дәрігерлер марқұмның   өліміне жүрек-қан тамыр жеткіліксіздігі себеп болған деген қортынды жасады.  Денесінде зорлық-зомбылық белгісі жоқ. Сотқа дейінгі тергеу басталып кетті. Алайда, өз аяғымен барған, изоляторға қамар алдында медициналық тексеруден өтіп, денсаулығында ақау болмаған азаматтың, екінші күні қайтыс болып кетуі қоғамда күмән тудырып отыр. Белсенділер Ішкі істер министрлігінің алдына барып, министр Ерлан Тұрғымбаевтан әділ тергеу, жауап талап еткенді. Осыған орай, бүгін министрліктің тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов Парламент дәлізінде журналистерге Ағаділдің өліміне қатысты қосымша ақпарат берді.

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысына қатысқан ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев жураналистерге қарасын көрсетпей кетті. Министрі үшін  отқа түсуге дайын тергеу департаментінің басшысына сұрақ қоюға тура келді. Әлеуметтік желіде қоғам белсендісі ретінде танылып келген Дулат Ағаділ қаңтар айында сырттай айыпталушы деп танылып, ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы қолданылғанды. Мұны орындамағаны үшін сот қоғам белсендісіне қатысты шараны қамауға алуға алмастырды. Сөйтіп, полиция қыземткерлері  24 ақпан күні сағат 21:00-де Ағаділді үйінен тергеу абақтысына алып кетеді.  Оған қатысты қылмыстық заңбұзушылық жасағаны, судья мен сот отырысына қатысушыларға тіл тигізгені үшін қылмыстық іс қозғалған болатын. Марқұмды тергеу изолятрына қамар алдында медициналық тексеруден өткізіп алған. Денсаулығына қатысты шағым болмаған, тек ішімдік ішкен дейді департамент басшысы.

Өз аяғымен барған азамат  екінші күні тергеу изоляторында қайтыс болып кетеді. Министрлік өкілі марқұмның жүрегі қысылып қалған деп отыр. Ағаділдің туыстары сот-медициналық сараптамаға тағы екі маман қатыссын деген өтініш жасаған.

Қоғам белсендісі Дулат Ағаділдің өліміне қатысты оның туыстары мен белсенді топ күмән тудырып отыр. Алайда, министрлік өкілі бұны жоққа шығарды.

Күні кеше бір топ адам ішкі істер министрлігінің ғимаратының алдына барып,әділ тергеу талап еткенді. Министр Ерлан Тұрғымбаев отставкаға кетсін  деп шулады.

Марқұмның артында алты баласы, жары, анасы қалды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.