0:00 / 0:00
Еліміздің батыс өңірлерінде екі айға созылған «Бекіре-2026» ауқымды балық қорғау акциясы өз мәресіне жетті. Акцияның басты мақсаты - уылдырық шашу кезеңінде балық қорын сақтау, браконьерлікпен күресу және су айдындарындағы заңсыз балық аулаудың алдын алу.Акция Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарының аумағында өтті. Оған Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері, шекара қызметі мен құқық қорғау органдары жұмылдырылды. Тақырыпты су айдынына мамандармен барып қайтқан әріптесім Мерген Рахметолла тарқатады.










