Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Бейбіт күннің батыры

c 18:06, 06/12/2018 c 890

0:00 / 0:00

Тәуелсіздік үшін күресте талай боздақ өмірін қиып, бүгінгі азаттық үшін мыңмен алысып, жер жастанды. Тарихта олардың есімі алтын әріппен жазылып, ел мүддесі үшін арпалысқан батырлардың ерлігі бүгінгі ұрпаққа үлгі болып отыр. Қазақ елі тәуелсіздік алғаннан кейін , ел үшін қызмет жасап, бейбіт күннің батыры атанып жүрген жандар да аз емес. Әдетте, олардың есімі мен ерлігін бұқара халық білмей жатады. Арна тілшілері Қазақстанның дамуы үшін тер төгіп, бейбіт күнде адам өмірін ажалдан арашалап жүрген батырлардың ғибратқа толы ғұмыры мен ерлігінің бір парасын көрсетуді жөн санайды. Бейбіт күннің батыры атанып жүрген жандар кімдер?

Бұл Сұңғат Батыргереев есімді өрт сөндіруші. Ол Орал қаласында орын тепкен №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде қызмет жасайды. Екі жылда түрлі төтенше жағдайды бастан кешкен кейіпкеріміз  Оралдық екі азаматтың өмірін өлімнен арашалап қалған. Өз өмірін қатерге тігіп, өзгені тілсіз жаудан аман сақтап қалған батыр оқиғаны былай деп еске алды.

Қатерге толы мамандықты таңдаған Сұңғат кішкентайынан спортты жанына серік қылған. Ол оқушы кезінен бастап шаршы алаңда өнер көрсетіп, шеберлігін шыңдапты. Кейіпкеріміз бокстан чемпион атанып, Ресейдің төрінде де қазақтың намысын қорғап, алтынды қанжығалапты. Кішкентайынан спорт пен білімді қатар алып жүрген ол ағаларын үлгі тұтып, мектеп бітірер тұста өрт сөндіруші болам деп шешім қабылдаған. Сөйтіп, ол Көкшетау қаласында орын тепкен төтенше жағдайлар институтында білім алыпты.

Адам өмірін ажалдан арашалап қалған батыр жұмысқа асқан жауапкершілікпен қарау керек,- дейді. Ол жас та болса бас болып жүрген жандардың бірі. Сұңғаттың әріптестері оның жұмысын былай деп бағалап отыр.

Бүгінде әрбір қазақстандық еліміздің дамуы үшін білек сыбана жұмыстану керек деген ұстанымды ұстанған Сұңғат өрттен келетін қауіпке де тоқталды. Кейіпкеріміз азаматтар кейде ескертпеге құлақ аспай, салғырттық танытып жатады,-дейді.

Жас өрт сөндіруші білім шыңдау мақсатында Ресейдің Санк-Петербург қаласында магистратурада шеберлігін шыңдамақ. Азат елдің болашағы жарқын, келешегі кемел болуы үшін ел үшін, жер үшін қызмет жасайтын жандардың қатары көп болуы тиіс. Яғни, еліміздің дамуы үшін әрбір қазақстандық бел жазбай еңбектеніп, үнемі ізденіп, Мағжан үміт артқан жастардың қатарын толықтырса нұр үстіне нұр болмақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.