Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Баспаналы болу мүмкіндіктері

c 16:42, 22/10/2018 c 580

0:00 / 0:00

Халықтың әл-ауқатын арттыру - Елбасы жолдауындағы негізгі басымдық. Әсіресе «7-20-25» бағдарламасы тұрғындардың баспаналы болуының жаңа мүмкіндіктерін ұсынып отыр. Бүгін осы мүмкіндікті қалт жібермеуге бел буған қалалықтар, театрға қарай ағылды. Солардың бірі Төлекеш есімді жігіт ағасы. Қария баспанасы болсадағы мемлекеттік бағдарламаның шарапатын көруге ниет танытып отыр.

7-20-25 мемлекеттік бағдарламысының негізгі шарттарын түсіндіру мақсатында ашық есік шарасына 6 екінші деңгейлі банктер мен 10 құрылыс компаниясының өкілдері қатысты.

Сала мамандарының таратқан ақпаратына сүйенсек үстіміздегі жылдың 9 айының қорытындысы бойынша барлық қаржыландыру көздері есебінен 336,9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген.

Бұл күнгі ашық есік күнінің қорытындысы бойынша 300-ге жуық қалалықтар қажетті ақпарат алды. Мұндай шарапатты шаралар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.