Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Баспана бағасы қымбаттады

c 17:40, 25/03/2022 c 459

0:00 / 0:00

Оралда үй бағасы қымбаттады. Статистика департаментінің мамандары 2022 жылдың екі айында баспана құны 4,1 пайызға өскенін айтып отыр. Ал, риэлторлар мен құрылыс компаниясының өкілдері бағаның кем дегенде 15-20 пайызға артқанын айтып отыр.

Қымбатшылық қос бүйірден алғанда бағасы шарықтамаған дүние қалмады. Азық-түлік, киім-кешек пен дәрі, оған қоса көлік пен үйдің бағасы қымбаттап кетті. Статистика департаментінің келтірген мәліметі бойынша, баспана құны 4,1 пайызға қымбаттаған. Мәселен, өткен жылдың желтоқсанында жаңа үйдегі пәтердің бір шаршы метрі 222 мыңнан сатылса, 2022 жылдың ақпанында баға 231 мың теңгеден басталады.

Құрылыс компанияларының өкілдері де бүгінгі таңда жаңа баспананың бір шаршы метрі 255-265 мың теңгеден саудаланып жатырғанын айтады. Үй бағасының қымбаттауына теңгенің құлдырауы мен құрылыс материалдары қақының өсуі себеп,- дейді мамандар.

Ал риэлторлар болса нарықтағы баспана құны кем дегенде 20 пайызға жоғары бағада сатылып жатқанын айтады. Қазіргі таңда өткен ғасырдың 80-жылдарына дейін салынған 1 бөлмелі баспананың құны 8 млн теңгеден саудалануда. Ал жаңа салынған үйлердегі 1 бөлмелі пәтер бұдан едеуір қымбатқа сатылып жатыр.

Риэлторлар бағаның қай кезде тұрақталатынын дөп басып айта алмай отыр. Бірақ олар қолда қаражат болса жылжымайтын мүлікке салып, үй сатып алуға кеңес береді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.