Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Бала қауіпсіздігі

c 17:38, 20/10/2020 c 408

0:00 / 0:00

Мектептерде бейнебақылау камералары ортанылып, санитарлық-гигиеналық жайлылықпен қамтамасыз ету мәселесін қамту керек. Білім министрі Асхат Аймағамбетов ведомство аппаратының  жиынында осылай деді. Республика бойынша 6 971 мектеп бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етілсе, 72 мектепте әлі күнге дейін аталған жүйе жоқтың қасы.

Білім министрі балалардың қауіпсіздігін қамту үшін  дәретхана мәселесі ұсақ сұрақ емес деді. Министрліктің онлайн жиналысында мектептерді бейнебақылау жүйесімен толық қамту, дәретхана проблемасын шешуді сөзге тиек еткен еді. Алайда, оналйн жиынағ қатысушылар арасында дәретхана министрлік деңгейінде шешілетін мәселе емес деген сыни ойлар да жазылып жатты. Аймағамбетов бұған ұсақ  мәселе деп қарауға болмайтынын баса айтты. Балалардың қауіпсіздігі мәселесінде өткен жылы Тараз қаласының мектебінде  орын алған оқиға сабақ болуы тиіс деді. Еске сала кетейік, Тараздағы №6 мектептің 7 сынып оқушысына 38 жастағы ер адам жәбір көрсетті. Ғимарат ішіндегі дәретхана жабық болғандықтан, оқушы  сырттағы дәретханаға амалсыз шыққан болатын. Осы келеңсіз жағдайдан соң, министрлік барлық мектептердің дәретханаларын ретке келтіруді қолға алғанды. 2 700 мектепте тиісті жылы дәретханалары болмаса, соңғы 10 айда 2 456 дәретхана салынып, іске қосылды. Қалған 245 мектеп бойынша жұмыс жүргізіп жатыр, - деді Асхат Аймағамбетов.

Балаларды қорғау мақсатында білім беру ұйымдарына бейнебақылау орнату да қауіпсіздік үшін маңызды болып отыр. Балалақша, мектеп, колледжде  бейнебақылау орнату қолға алынды.

Министр осы жұмыс бойынша желтоқсанға дейін анықталған кемшіліктерді жоюды тапсырды.Республика бойынша 6 971 мектеп бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етілсе, 72 мектепте әлі күнге дейін аталған жүйе жоқтың қасы.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.