0:00 / 0:00
Су спорты – жоғары төзімділік пен мықты дайындықты талап ететін спорт түрлерінің бірі. Байдарка мен каноэде есу спортшылардан тек күш пен жылдамдықты ғана емес, сондай-ақ дәлдік пен тактикалық шеберлікті де қажет етеді. Осындай талаптарға сай халықаралық деңгейдегі жарыс Орал қаласында өтті. Ашық су айдынында ұйымдастырылған додаға Қазақстанның түрлі өңірлерінен және шетелден келген спортшылар қатысып, өзара мықтыны анықтады. Жарыс барысында қатысушылар бірнеше қашықтық бойынша сынға түсіп, жоғары нәтижелерге қол жеткізу үшін бар күш-жігерін салды. Халықаралық турнирдің ерекшелігі мен жеңімпаздары туралы келесі материалда.










