Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Бағдарламалардың жүзеге асуы

c 17:10, 11/09/2019 c 630

0:00 / 0:00

«Даму» Қорының БҚО бойынша филиалы "Бизнестің жол картасы 2020" , "Басымдықты жобаларды несиелеу" және "Қарапайым заттардың экономикасы " мемлекеттік бағдарламалары аясында бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының жүзеге асуы көрсеткіштерін қорытынылады.Өңір кәсіпкерлерлерінің өздері атап өткендей, «Даму» қорының арқасында олар жеңілдетілген несие алып, бизнестің жаңа бағыттарын дамытуға мүкіндік алған.

«Қарапайым заттардың экономикасы» бағдарламасы бойынша қаламыздағы баспахана қағаз шыныаяқтарын шығаруға арналған жабдықтар желісіне 10 млн. теңге сомасына несие алған.
Бұл жабдықты сатып алу кәсіпорынға көрсетілетін қызметтердің спектрін кеңейтуге және жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік берді.Жабдық ыстық сусындар, шырындар, агрессивті емес компоненттерден жасалған сусындар мен балмұздақ үшін әртүрлі мөлшердегі қағаз қағаз стақандарын шығара алады. Сыйақы мөлшерлемесі: 15%, оның ішінде өндіріске құрал-жабдық сатып алуға мемлекет 9% субсидиялайды.

Қаладағы дүкен сөрелерін нан-тоқаш және май өнімдерімен толтырып келе жатырған №1 наубайханадағы қайнаған жұмыс тәуілік бойына үздіксіз жалғасады. Мұнда шамамен 30-ға жуық нан түрі пісіріледі. Зауыт басшылығы ескірген жабдықты жаңарту мақсатында "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ БҚО филиалының қолдауымен «Басымдықты жобаларды несиелеу» бағдарламасы аясында екінші деңгейлі банктен 15 млн. теңге қаражатқа қол жеткізген.

Ел экономикасына зор үлесі бар өңір кәсіпкерлерін қолдауда мемлекеттік бағдарламалардың өресі жыл санап ұлғая берері сөзсіз. Тек өз кәсібін ашқысы келетіндер "Қалауын тапса қар жанар" деген ұстанымды серік етсе болғаны.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.