Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Баға тұрақты

c 18:24, 02/04/2020 c 378

0:00 / 0:00

Облыста әлеуметтік маңызы бар тағамдар құны тұрақты. Мәселен азық-түлік базарларынан бөлек әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасы гипермаркеттер мен супермаркеттерде бақылауға алынған. Бұл туралы бүгін облыстық кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының мамандарынан құрылған мониторнгтік топ өкілдері мәлімдеді.Мониторингтік топ өкілдерінің айтуынша, тұрғындарға даурығуға еш негіз жоқ. Қорда жиі тұтынатын әлеуметтік сұраныстағы тауарлар жеткілікті. Бүгінде қаладағы барлық ірі сауда нүктелерінің сөрелері толықтай азық-түлікпен қамтамасыз етілген. Жұмыс күндері мұнда барлық әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасы қадағаланатын болады.Мәселен, кей сауда нүктелерінде жоғары сұрыпты ұнның бағасы 8 мыңмен -10 мыңның арасында болса, мұнда 50 келі астық- 8 мың теңге тұрады. Сондай-ақ күнбағыс майымен жарма және күріш бұрынғы бағамен тұрғындарға ұсынылуда. Ал лимонмен зімбір бағасының күрт шарықтауын Оралдықтар қолдан жасылып отырған мәселе деп ойлайды. Сонымен қатар, аудан тұрғындарын қажетті өнімдермен қамтамасыз ету мақсатында азық түлік тиелген жүк көліктері күн сайын жөнелтілуде.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.