Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ауыл балалары ағылшын тілін үйренуде

c 10:36, 09/11/2018 c 501

0:00 / 0:00

Облыс аумағында ағылшын тілін мектеп оқушыларына үйрету үшін арнайы "English for jastar" атты пилоттық жобасы іске асып жатыр. Аталмыш жоба ауылдық оқушыларға ағылшын тілін тегін үйретуді көздейді. Жоба өңірімізге қарасты алты ауданында жүзеге асуда.

Батыс қазақстандық жастарға, яғни ауылдық жердегі мектеп оқушыларын ағылшын тіліне үйрету курстары биылғы жылдың қыркүйегінде басталыпты. Бүгінде 600 оқушы Шекспир тілін үйреніп, білімдерін жетілдіріп жатқан көрінеді. Оқушыларға 10 ерікті Оксфорттың бағдарламасы бойынша білім беруде.

Қанатқақты жоба облыстың алты ауданында ұйымдастырылған. Жасөспірімдерге тіл үйретіп жүрген жастардың барлығы тегін түрде қызмет атқарып келеді. Жақында еріктілердің қатарын Пәкістандық Джадун Аймал хан толықтырды. Шетелдік мейман ауыл-аймақтарға барып, тіл меңгеріп жүрген оқушылармен тілдесіп, оларға көмектеспек.

Жаңа жоба өзінің нәтижесі мен қолдауын тапса, келешекте өз жалғасын таппақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.