Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

"Ашық әкімдік"- Желаевта

c 10:50, 05/11/2018 c 678

0:00 / 0:00

Қаланың іргесінде орналасқан "Желаев" кентінде "Ашық әкімдік" өтті. Бұл бірінші кезекте, ауыл тұрғындарының уақытын үнемдеуді көздейді. Яғни, азаматтар толғандырған сауалдарын табалдырық тоздырып, түрлі құжаттарды толтырып, кезек күтпестен бірден қала әкіміне және бөлім басшыларына жолдай алатын мүмкіндікке ие болды. Ауыл тұрғындары №14 маршруттың уақытын сынға алды. Азаматтар таңертең жұмысқа, кешке жұмыстан үйге қайту үлкен мәселе екендігін айтып берді.

Биылғы жылы Желаев кентінде "Ашық әкімдік" шарасы бірінші рет ұйымдастырып отыр.

Сондай-ақ, ауыл тұрғындары қала әкімінен жер телімдерін беру туралы ойларын ортаға салды. Мәселен, Қуанышқали Қойшыбаев атты қария он соток жерде үй салып, күнелтіп отыр. Келешекте ақсақал ауыл шаруашылығын қолға алғысы келеді. Бірақ, жер телімдері тапшы.

Ақсақалдың сауалын сала мамандары зерттеп жатыр. Жер телімдері ауыл шаруашылығына келетін болса,аталмыш жер телімдері конкурсқа шығарылмақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.