Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ашық әкімдік

c 16:03, 29/04/2019 c 958

0:00 / 0:00

Орал қаласында «Ашық әкімдік» шарасы өтіп, облыс және қала басшылығы мен түрлі мемлекеттік мекеме жетекшілері қоғамдық қабылдау өткізді. Осы күні облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов пен Орал қаласының әкімі Мұрат Мұқаев бастаған бір топ мемллекеттік қызмет өкілдері 300 ге жуық тұрғынның мұң-мұқтажын тыңдап, жеке мәселелері бойынша қабылдады. Облыс орталығында биылғы жылы 5-ші мәрте ұйымдастырылған «Ашық әкімдік» шарасына бұл жолы түрлі мәселемен 250 тұрғын келген. Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында облыс әкімінің орынбасарлары, Орал қаласының әкімі, облыстық басқармалар, құқық қорғау органдары, коммуналдық және басқа да мекеме басшылары өңір тұрғындарының түрлі бұйымтайын тыңдап, әрқайсысына тиісті жауап пен кеңес берді.  Айта кету керек, соңғы кезде бүкіл елімізде байқалған көп балалы аналардың белсенділігі Орал қаласында да көзге түсті. Бүгінгі «Ашық әкімдік» шарасына келушілердің көп бөлігі ақ жаулықты аналар екен. Оларды мазалайтын бір мәселе. Айта кету керек көп балалы және аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсету үшін арнайы жұмыс тобын құрылды. Бүгінде көмекке мұқтаж облыс тұрғындарына қатысты жол картасы әзірленуде. Билік пен бұқара халық арасындағы алтын көпірге айналған мұндай шара тұрғындарды толғандырған сан сауалға толықтай ақпарат алатын ашық алаң екені даусыз. Бұл күні содай ақ, құқық бұзушылық оның ішінде аулаларға бейнебақылау құралдарын орнату, медицина бойынша тегін дәрі-дәрмек алу мәселесі және коммуанлдық сала бойынша тұрмыстық қалдықтарды тазалау, жер кезегі мен баспана жайы жөніндегі бірқатар әлеуеметтік мәселелер бойынша сала басшылары тұрғындарға кеңес берді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.