Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Арысқа көмек

c 18:07, 25/06/2019 c 1309

0:00 / 0:00

Батыс Қазақстандықтар "Арыс. Біз біргеміз" республикалық акциясына ат салысты. Батыстың кәсіпкерлері бастаған қайырымдылық шарасын жастар ұйымдары мен еріктілер де қолдап отыр.Кейбір мемелкеттік мекемелер бір күндік жалақыларын аударып жатыр. Кеше кешкісін құрылыс материалдары Арысты бетке алса, бүгін макарон, ұн, май мен киім-кешек жөнетілген болатын. Қайғылы оқиға орын алған күннен бері жиырма шақты үлкен кәсіпорын қараша халыққа көмек қолын созыпты.

Ақжайықтың кәсіпкерлері апаттан зардап шеккен Арыс қаласының тұрғындарына бірінші қажеттілік тауарларын жөнелтті. Кәсіпкерлер асарлатып 30 тонна гуманитарлық көмекті жасақтады.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы қиын жағдайға тап болған арыстықтарға көмектесу үшін бизнес субьектілеріне арнайы үндеу жариялады. Мәліметтердің баршасы "Менің Атамекенім" сайтында жарияланған.

Орал қаласында гуманитарлық көмекті қабылдайтын арнайы үш орын жасақталған. Таза жаңа киім мен медициналық дәрі-дәрмек, таза ауыз мен бірінші қажеттілік тауарларын "Nur Otan" партиясы ғимараты, "Бастау" коворкинг орталығы мен Назарбаев даңғылы 188 мекенжайында орналасқан орындарға апаруға болады.

Зардап шеккен Арыс қаласының тұрғындарына кәсіпкерлерден бөлек, әкімдік, полиция, мұғалім ардагерлер мен ірі кәсіпорындардың жұмысшылары бір күндік жалақасын аударып жатыр. Арыстықтарды қолдаудан қалыс қалмайық!

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.