Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ардагерлер кеңесінің есептік-сайлау конференциясы өтті

c 10:21, 14/04 c 1

0:00 / 0:00

Батыс Қазақстан облыстық мәслихат ғимаратында ардагерлер кеңесінің IX есептік-сайлау конференциясы өтті. Аталған жиын дәстүрлі түрде бес жылда бір рет ұйымдастырылады. Іс-шара барысында қатысушылар арнайы ұйымдастырылған көрмемен танысып, Батыс Қазақстан облысы ардагерлер кеңесі төрағасының есептік баяндамасын тыңдады. Сонымен қатар, конференция аясында республикалық деңгейдегі басқосуға өңір атынан қатысатын үш делегат сайланды. Жиын барысында облыс әкімінің атынан бірқатар азаматтарға алғыс хаттар табысталып, ардагерлер еңбегі жоғары бағаланды. Конференцияда өңірдегі қарт азаматтарды әлеуметтік қолдау мәселелері мен олармен жүргізіліп жатқан жұмыстарға ерекше назар аударылды. Бұл бағыттағы бастамаларды одан әрі жетілдіру жолдары талқыланды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.