Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ардагер Иван Болтанов 97 жасқа толады

c 17:27, 06/05/2022 c 2016

0:00 / 0:00

Жеңісті жақындатқан батырлардың ерлігі туралы бейнесюжетімізді жалғастырамыз. Бүгінгі кейіпкеріміз Иван Иванович Болтанов. Отан қорғаушылар мерекесінде ардагер 97 жасқа толады. Ақсақал соғысқа мектеп бітіре сала аттанған.

Жеңіс күні жақындаған сайын Ұлы Отан соғысының ардагерлерін құттықтайтын жандар көп. Бір топ оралдық жылдағы игі дәстүрден жаңылмай, ардагер Иван Болтановты мерекемен құттықтап, мектеп оқушылары ән шырқады.

Ардагер барлық меймандарға риза. Ол ақ тілегін жаудырып, өскелең ұрпаққа бата беріп, ұзақ ғұмыр тіледі. Ұлы Отан соғысының ардагері биыл 97 жасқа толады. Ғасыр жасаған қария соғысқа Мордовиядан аттанған. Ол 7 сыныпты аяқтап, барлық комсомолдармен бірге майданға Саратов облысынан аттанады.

Иван Иванович 1948 жылы әскери қызметін аяқтайды. Ол Мәскеуге қайтып келеді. Кеңес Үкіметінің астанасында өрт сөндіру қызметіне кіріседі. Мәскеуде болашақ жарын кездестіреді. Кейін Қазақстанда Целина басталып, елімізге қоныс аударған. Ол Оралда жүргізуші болып қызмет жасаған.

Ел үшін мыңмен арпалысқан батыр 7-мамырда 97 жасқа толады. Көпті көрген қария бейбіт заманның қадірін түсінуге шақырады. Өмір бойы еңбек етіп, қызмет жасаған азамат жастарға барлық берекенің басы еңбекте екенін насихаттайды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.