Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Әлсіз интернет

c 10:44, 17/10/2020 c 646

0:00 / 0:00

Қазақстанда интернет сапасы неге төмен? Бұл мәселе бүгін Сенатта өткен үкімет сағатында талқыланды. Цифрланған Қазақстан үшін жауап беретін құзырлы орган басшысы Бағдат Мусин елде интернеттің әлсіз екенін мойныдап отыр. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі радиожиілік саласындағы латифундистер интернет сапасын кері әсер етуде дейді. Ал сенаторлар министрліктің  ауылдардың 69 пайызы интернетпен қамтылған деген мәліметін жоққа шығарды. Интернет сапасы пандемия барысында қашықта оқып, жұмыс істеп жатқан қазақстандықтар үшін қиындық туғызып отырғаны мәлім.

Пандемия барысында елдегі интернеттің сапасыздығына көз жеткіздік. Онлайн жұмыс істеу, қашықта оқу барысында Цифрланған Қазақстан бағдарламасы сүрінді.  Сенаторларың алдында есеп берген цифрланған министр Бағдат Мусин мәселені проблемадан бастады. Елдегі интернеттің әлсіз екенін мойындаған ол, бәріне осы нарықтағы латифундистерді кіналады.  Бұл орайда интернет сапасы үшін талаптарды қатаңдатуды, телекоммуникациялық операторлардың қызметіне салынатын айыппұлды көбейтуді ұсынды. Бүгінде  сапасыз жұмыс үшін тек 100 АЕК сомасында ғана айыппұл салынады.

Цифрлық даму министрінің мәліметінше,  бүгінде 6 459 елді мекен әртүрлі технологиялар бойынша интернетпен қамтамасыз етілген. Жыл соңына дейін 5 331 елді мекенді интернетпен қамтамасыз ету жоспары бар. Жоғары сапалы интернетке қол жеткізу үшін  мемлекеттік-жекеменшелік әріптестік  арқылы оптикалық интернетті тарту қажет. Ендігі  2,4 млн адам тұратын 1260-қа жуық ауылға интернет желісі тартылуда. Бұл жобаға 75 млрд тенгеге жуық инвестиция тартылды. Ал 250 адамнан көп тұрғыны бар мыңға  ауылды 3G және 4G, сондай-ақ басқа технология бойынша мобильді интернетпен қамтуды көздеп отыр. Министр ауылдардың 69 пайызы интернетпен қамтылған дейді. Алайда, сенаторлар бұл статистиканы жоққа шығарды.

Сондай-ақ,  Бағдат Мусин  енді қаладағы тұрғын үй кешендерін интернетсіз пайдалануға беруге тыйым салуды ұсынды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.