Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Алаңда құрылыс жұмыстары басталды

c 17:43, 15/07/2019 c 759

0:00 / 0:00

Қыркүйек айынан бастап жергілікті футбол жанкүйерлері сүйікті командасының ойынын өз алаңында тамашалайтын болады. Қазіргі күнде бекітілген жоспарға сай, облыс орталығындағы "Ақжайық" стадионындағы жасанды төсеніштің көнесін жаңасына ауыстыру жұмыстары басталды. Бұл бағыттағы жұмыстарға жекеменшік әріптестік аясында қаржы бөлініп отыр. Қаражат көлемі шамамен 160 миллион теңгені құрайды. Сенімгерлік құқығымен "Ақжайық" стадионын қарамағына алған "BANEM" ЖШС стадион инфраструктурасын жаңартуды бастады. Серіктестік биылғы жылға жоспарланған "Ақжайық" стадионының көне төсенішін ауыстыру жұмыстарын жоспарға сай бастаған. Қазіргі таңда стадионның ескі төсеніші алынып, алаң орны дайындалуда. Ескі төсемдерді толықтай бұзып, жинау жұмыстары ай соңына дейін созылады. Содан кейін монтаждау жұмыстары басталады. Бұл жұмыстармен қатар стадионның кәріз және суару жүйелері де жаңғыртылады деп күтілуде. Естеріңізге сала кетейік, жаңа төсеніш төсеу жұмыстарын "Астана Спорт Строй и К" компаниясы жүргізуде. Әзірше жаңа жасанды газонның орнын дайындауға 8 жұмысшы тартылған. Ал негізгі төсеніш екі күннен соң облыс орталығына жеткізілмек. Қазіргі уақытта стадионға келіп жүрген 800-ден аса футбол сүйер жастың негізгі жаттығу кестесі өзгеріссіз қалған. Құрылыс жұмыстары аяқталғанша жас аяқ доп шеберлеріне «Жастар» стадионнының алаңында сүйікті спортымен шұғылдануға мүмкіндік жасалынған. Бұған дейінгі болған жасанды газон осыдан 12 жыл бұрын жайылыпты. Алаңның халықаралық стандарттарға сай келмегендігінен жергілікті "Ақжайық" командасы еліміздің бірінші тобындағы кездесулерін Ақсай қаласында өткізіп келеді. Спорт жанкүйерлері үшін тағы бір жағымды жаңалық. Келер жылы кәсіпкерлердің демеушілігімен Орал қаласында бұқаралық спортқа арналған жабық алаң салу да жоспарланып отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.