Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ала таяқ оралды

c 18:51, 04/09/2019 c 947

0:00 / 0:00

Қазақстандық полицейлерге ала таяқ қайтарылып берілді. Ішкі істер министрлігі 1 қыркүйектен бастап жол қозғалысын реттеу үшін ала таяқты қолдануға көшкен еді.Министр Ерлан Тұрғымбаев полицейлер ала таяқты бес мақсатта ғана қолдана алады дейді. Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин бүгін өткен жалпы отырыс барысында «полицейлерге ала таяқ хирургтың пышағы сияқты қажет зат»- деп әзілдеді.

Мәтін.Осыдан екі жыл бұрын жол полицейлерінен ала таяқ тартып алынған болатын. Алайда, осы уақыт аралығында ал таяқтың қажеттігі бірнеше рет талқыланып келді. Себебі, жол қозғалысын реттеуші полицейлер үшін ала таяқсыз тұру қауіпті болды. Әсіресе қараңғы және түнгі уақытта жолда тұрған полицейді қағып кету оқиғалары орын алды. Енді міне қыркүйектің бірінен бастап полицейлер ала таяғымен қайта қауышты. Ішкі істер министрі Тұрғымбаев полицейлер ала таяқты тек жол қозғалысын реттеу үшін ғана қолданады дейді.

Ерлан Тұрғымбаев – ҚР ішкі істер министрі

«Жол апаты кезінде, жол нашар көрінгенде, бағдаршам істен шыққанда, жөндеу жұмыстары кезінде көлікке бағыт-бағдар берген кезде, үлкен делегациялардың колонналарын алып жүру үшін қолданылады. Басқа мақсатта ала таяқты қолдануға тыйым салынған»

Ал  жолда испекторға көлікті тоқтатуға тиым салынған. Себебі көлік ағыны көп болғандықтан, олар үш-төрт қатармен жүреді. Осы кезде инспектор ала таяқпен көлікті тоқтатқан кезде, бұл жол қозғалысы қатысушылары үшін де, инспектордың өзі үшін де қауіпті. Кез-келген жол ережесін бұзушылықты бейнебақылаумен –ақ анықтауға болады.  Полицейлердің қолына араға екі жыл салып, қайта оралған ала таяқ әңгімесі бүгін өткен Мәжілістің жалпы отырысында да сөз болды. Палата төрағасы ала таяққа қатысты әзілін  айтып қалды.

Нұрлан Нығматулин –ҚР парламент мәжілісінің депутаты

«Бұларға қазір қаражат басқа мақсатқа қажет. Ала таяқтарын қайтарды ғой.Бұл дұрыс шешім болды. Олар үшін ала таяқ хирургтің пышағындай қажет зат »

Бас полицейдің айтуынша, инспекторларға қараңғы кезде және тұманды күні ала таяқсыз жұмыс істеу қиын. Бағдаршам істен шыққан кезде, 5 инспектор жол қозғалысын реттеу барысында дене жарақатын алған деректер де тіркелді.  Министр ала таяқтарды сатып алуға қаржы жұмсалмайды, бұрынғы ала таяқтар қоймада сақталған дейді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.