Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ақжайық марафоны

c 16:54, 03/10/2019 c 1032

0:00 / 0:00

Оралда осы сенбіде тұңғыш рет кең көлемді Ақжайық марафоны өтеді. Айта кету керек, мұндай толық марафон Орал қаласының тарихында тұңғыш рет өткелі отыр. Марафонға қатысуға тіркелу "uralskrunners.kz" сайтында жүзеге асуда.Бұл жолғы спорттық шараның өзіндік ерекшелігі бар. Өйткені осы кезге дейін бірнеше мәрте жүгіруден марафон ұйымдастырылғанымен олардың барлығы да облыстық деңгейде өткізілген еді. Даңқты супермарафоншы Марат Жыланбаев та аталған марафонның құрметті қонағы болғалы отыр. Марат Жыланбаев - адамзат тарихында Азия, Африка, Австралия және Америка шөлдерін жалғыз жүгіріп өткен тұңғыш және дара атлет. Шараға  еліміздің түпкір-түпкірінен бөлек көршілес Самара, Саратов облыстарының желаяқтары да қатысады деп күтілуде. Олардың алғашқы легі Орал қаласына келіп те қойған. Марафон таңғы уақыт 10-да басталады. Қатысушылар 440 метрден 10,5, 21 және 42 шақырымға жүгіретін болады. Жеңімпаздар қомақты қаржылай ұтысқа ие болмақ. Марафон барысында спортшылар қауіпсіздігі үшін барлық жағдай жасалған. Сондай ақ, оған облыс және қала әкімдері қатысады деп күтілуде.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.