Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Әкімшілік жазаға тартылды

c 14:39, 30/07/2020 c 554

0:00 / 0:00

БҚО прокуратурасы мәлім еткеніндей, Президент тапсырмасына сәйкес өңірде құқық қорғау және мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, дәріханаларда, әлеуметтік желілерде заңбұзушылық деректеріне қатысты мониторинг жұмыстары жүргізілуде. Мысалы, мобильдік топ медициналық препараттарды мөлшеріндегі  шекті баға белгіленген сомадан бірнеше есе қымбаттатқан және рецепсіз сатқан дәріханаларды анықтап әкімшілік жазаға тартуда.Мәселен, Круглоозерное кентіндегі  кәсіпкер Орал қаласы аумағында дәрі-дәрмекті  рецепсіз сатқан.  Осылайша кәсіп иесі  әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Материалдар сотқа жолданған.  Қомақты сомадағы  айппұл төлеп қана қоймай дәріхана бір ай бойы жұмысын тоқтатуы мүмкін.Бір кентті дәрі дірмекпен қамтамасыз етіп отырған дәріхана иесіне қатысты іс материалдары сотта қаралуда. Облыста барлығы 281 дәріхана бар.  Қазіргі уақытта олардың барлығының жұмысын  мобильдік топ бақылауға алған. Дәрілік заттардың бағасын көтеру дерегі болса, тұрғындар 8 (7112) 51-06-96 телефонына хабарласа алады.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.