Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Әкімнің үйі

c 20:43, 05/12/2019 c 572

0:00 / 0:00

Елордаға ат басын тіреген Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов өзінің үйі жайында айтып берді. Әкімдердің дәстүрлі брифингінде журналситер Мұхамбетовтен оның резиденциясы туралы сұраған еді. БАҚ мәліметі бойынша, жоғары лауазымды шенеунік Қостанайдан 10 шақырым жердегі резиденцияда тұрады. Онда 14 нысан бар. Жыл сайын резиденцияның шығынына 50 млн теңге жұмсалады екен. Сондай-ақ, осы резиденцияға апаратын жол салынып жатыр. Алайда, әкім бұл ақпаратты жоққа шығаруға тырысты.

Қостанайлық «Наша Газета» порталы жазғандай, облыс әкімі Архимед Мұхамбетов тұратын резиденция толығымен салық төлеушілердің есебінен қамтылып отыр. Резиденцияда 14 нысан бар. Жыл сайын оның шығындарына 50 млн теңге жұмсалады. Шығын  негізіген- коммуналдық қызметті, сондағы қызметкерлердің жалақысын төлеуге қарастырылған.  Онда нысандардың бірінде облыс әкімі тұрады. Қостанайлық БАҚ –ң мәліметінше, сондай-ақ ол жерде теннис корты, бассейн, монша тағысын тағы жанға жайлы жағдай жасалған. Нысанның жалпы алаңы 21 гектар жерді құрайды. Әкімдіктің ақпаратына сүйенсек, облыс басшысы бұл нысандардың рахатын көрмейді екен. Ол делегацияға арналған көрінеді. Әкім дұрыс ақпарат бермеді деп ренжіп отыр. Ол кешеннің ішіндегі бір ғана үйде тұрамын деп ақталды.

Архимед Мұхамбетов – Қостанай облысының әкімі; «Бұл менің резиденциям емес, бұл кешен. Ондағы басшыларға арналған үйде  маған дейін істеген облыс әкімдері ғана емес, КСРО кезінде партия  хатшылары да тұрған. Үй 200 шаршы метрді құрайды. Онда мен тұрамын. Жалпы кешенді ұстап тұруға 50 млн теңге жұмсалады. Ал кешендегі мен тұратын үйдің шығынын өз қалтамнан төлеймін. Түбіртегі де бар. Маған дейінгі әріптестерім де солай істеген. Бұрын басқа басшылар тұрғанда әңгіме болған жоқ, енді дұрыс ақпарат бермей отыр. Дұрыс емес».

Сондай-ақ, қостанайлық БАҚ-ң хабарлауынша, осы резиденцияға апаратын жол салынып жатыр. Онсыз да сапасы жаман емес көшені кеңейтіп, жолын жөндеп жатқан көрінеді. 887 метрді құрайтын жолға  облыс бюджетінен 294 млн теңге бөлініп қойыпты. Әкім мырза бұл сұраққа да жауап тапты. Халықтың қамы үшін жасалып жатыр екен.

Архимед Мұхамбетов – Қостанай облысының әкімі; «Бір шақырымнан аса жол салынды. 600 метр жол жөнделді. Бұл біріншіден Амангелді ауылының тұрғындары үшін жасалған шаруа. Дәл осы жолда жолаушылар тасымалдайтын автокөлік кәсіпорны орналасқан. Сол үшін кеңейттік. Одан әрі резиденцияға баратын жол сол қалпында, ешкім жолды кеңейіткен жоқ».

Сондай-ақ, тілішілерді әкімнің жалақысы қызықтырды. Қостанай облысы басшысының айлығы 762 мың  теңгені құрайды. Ол да жалақысын азық-түлікке, коммуналдық қызмет түрлерін төлеуге жұмсайды екен. Архимед Мұхамбетов тапқан табысын  болашақта балаларына, олардың оқуларына қажет болады деп жинап жатқанын айтты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.