Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Әкім есебі

c 17:54, 17/09/2019 c 721

0:00 / 0:00

БҚО Тасқала ауданында 282 адам пәтер кезегінде тұр. Азаматтардың жағдайын жақсарту мақсатында өткен жылы 7 тұрғын үй салынып, мұқтаж азаматтарға табысталған. Сондай-ақ, биыл аудан орталығында 36 пәтерлік 2 тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр.

Биыл Тасқала ауданында пәтер кезегінде тұрған азаматтарға арналған 36 пәтерлік 2 тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Бұдан өзге, өткен жылы аталмыш ауданда 574 шаршы метр үй пайдалануға беріліпті. Қазіргі аудан көлемінде 282 азамат пәтер кезегінде тұр.

Өткен жылы Тасқала ауданына апаратын 100 шақырымдық тас жол жөнделген еді. Биыл да облыстық маңызы бар тас жолдарды жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр. Қазіргі таңда "Тасқала -Аққурай" бағытында тақтайдай тас жол салу жұмыстары басталып, келесі жылы аяқталмақ.

Бүгінде аудан көлемінде құны 200 млн теңге болатын екі су бөгетін қайта құру жұмыстары үшін тиісті құжаттар жинақталыпты. Сондай-ақ, Ақтау ауылындағы бөгетті қайта қалпына келтіруді аяқтау үшін 63 млн теңгедей қаржы тапшы болып отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.