Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Әбілқайыр хан даңғылын жөндеу басталды

c 18:17, 24/05/2022 c 790

0:00 / 0:00

Оралдықтардың көп сынына ұшыраған Әбілқайыр хан даңғылын жөндеу жұмыстары басталды. Орташа жөндеу жұмыстары алты айға жоспарланған. Тендерді ұтып алған компания 3,1 шақырым тас жолдың беткі қабатын жөндеп, жиек тасын алмастыруы қажет. Даңғыл жолын жөндеу үшін бюджеттен 644 млн теңге қаржы бөлінді. Тек құрылыс жұмыстарын жүргізетін мердігер компанияға 619 млн теңге, техникалық жағдайын қадағалайтын компанияға 18 млн теңге, ал жобалық-сметалық құжатты жасаған авторларға 7 млн теңгедей қаражат беріледі. Сала мамандары даңғыл жолдарды бес жоба бойынша жасауды жоспарлап отырғандарын айтады. Бірінші учаске: Құрманғалиев көшесі мен Қапан Мусин көшесінде жөндеу басталмақ. Жөндеу жұмыстары кезінде жолдың бір беткейі жабылып, екінші бетінде көлік қозғалысы ұйымдастырылады.

СУРЕТ https://alau.kz/ САЙТЫНАН ЖҮКТЕЛДІ

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.