Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Абайша өмір сүреміз

c 17:56, 16/01/2020 c 817

0:00 / 0:00

Мәдениет министрлігі Ұлы Абайдың 175 жылдың тойлауға 3 млрд теңге жұмсауды көздеп отыр. Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына арналған үш деректі фильм түсірілмек. Бұдан бөлек, Парижде ЮНЕСКО аясында бірқатар шара ұйымдастырылады. Ал Абай туралы көркем фильм түсіруге режиссерлерден ұсыныстар қабылданып жатыр.

Ұлы Абайдың 175 жылдығын атап өту туралы Президенттің бастамасы аясында мәдениет министрлігі 3 млрд теңге қаржы қарастырып отыр.

Сондай-ақ, осы қаржыға Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған үш деректі фильм түсірілмек.  Бұдан бөлек, Парижде ЮНЕСКО аясында бірқатар шара ұйымдастырылады.Жалпы, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын тойлау жоспары 82 тармақтан тұрады. Халықаралық жəне республикалық деңгейде ғылыми-ағартушылық іс-шаралар, конференциялар, поэтикалық жəне əдеби конкурстар, баспасөз турлары жəне өзге де іс-шаралар бар жоспарланған. Ал Абай туралы көркем фильмді ресейлік режиссер Андрей Кончаловский түсіреді деген ақпарат тараған болатын. Алайда, мәдениет министрлігі бұны жоққа шығарды.

Бұған дейдін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Абайдың 175 жылдығын атап өтуде аста-төк той болмайды дегенді. Басты міндетті Абайды көбірек тану болып отыр. Абайдың тұлғасы мен мұрасын жан-жақты зерделеп, 21 ғасырдың игілігіне пайдалану қажеттігі тұр.

Ғұламаға арналған жылдың ресми салтанатты ашылу рəсімі 21 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласында өтеді.Абай Құнанбаев 1845 жылы Семейден 180 шақырым жердегі Жидебай шатқалында дүниеге келгені мәлім. Ұлы Абайдың туған жеріне де ерекше көңіл бөлінбек. Мемлекет басшысы Семей қаласына ерекше мәртебе беріп, тарихи орталыққа айналдыруды ұсынғанды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.