Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

"7-20-25" бағдарламасы бойынша 93 өтініш мақұлданған

c 18:33, 18/10/2018 c 457

0:00 / 0:00

"7-20-25. Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру". Ипотекалық тұрғын үй кредиттеу бағдарламасы бойынша екінші деңгейлі банктер филиалдарына жыл басынан бері 113 өтініш түсіп, оның 93-і мақұлданған. Бұл туралы бүгін БҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінің кезекті брифингінде Ұлттық Банктің Батыс Қазақстан филиалының директоры Қозыбақ ҚҰЛБАРАҚОВ мәлімдеді.

Мақұлданған өтінімдер бойынша 545,2 млн. теңге сомасына 71 ипотекалық несие берілген. Осы бағдарламаға сәйкес бүгінде Батыс қазақстан облысы бойынша алты екінші деңгейлі банк ипотекалық займ беруге өтінімдер қабылдапты.
Осы орайда облыстық құрылыс басқармасының басшысы Алтынбек Қайсавғалиевтің таратқан ақпаратына сүйенсек, өңірде биыл «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасының шеңберінде 26 көппәтерлі, оның ішінде апатты үйлер тұрғындары үшін -7 және ауыл аймақ мекендеушілері үшін- 104 тұрғын үйдің құрылысымен қатар, 29 инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым нысанының құрылысы жүргізілуде. Бұл мақсатқа 17,2 млрд. теңге көлеміндегі қаражат қарастырылған, оның ішінде тұрғын үй құрылысына 13,5 млрд.теңге және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым нысанының құрылысына 3,6 млрд.теңге қарастырылған.

Бұл орайда алдағы жылы өңір бойынша 15 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға беру жоспарлануда, оның ішінде: Тұрғын үй жинақ банкі салымшыларына 1468 пәтерлік 11 үй, тұрғын үй алу кезегінде тұрған әлеуметтік осал топтарға 1 арендалық үй, ал апатты үйлер тұрғындарына арналған 4 басапана пайдаланылуға берілмек.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.