Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

43 үй апатты деп танылған

c 11:51, 24/10/2018 c 533

0:00 / 0:00

2016 жылы қала аумағында апатты деп танылған, тұрғындардың өміріне қауіп төндіретін 52 тұрғын үй болған. Бүгінгі таңда олардың саны 43 -ке дейін төмендеп отыр. Алайда, қыста жылуы жоқ, шатырынан су кетіп, азаматтардың денсаулығына зиян келтіретін тұрғын үйлердің құрылыс  жұмыстары біртіндеп қолға алынуда. Биылғы жылы қала аумағында апатты деп танылған 11 тұрғын үй сүріледі деп жоспарланыпты. 

Өткен ғасырдың басында бой түзеген тұрғын үйлердің бүгінде тозығы жеткен. Қазіргі таңда адам өміріне қауіпті деп танылған баспаналардың саны 43-ті құрайды. Бұл тұрғын үйлерде мыңдаған тұрғын жан бағып отыр. Қабырғасы қақырап, шатырынан су кететін тұрғын үйлердің санын азайтып, жаңа сәулеті келіскен ғимараттарды көбейту ең маңызды мәселенің бірі. Осы ретте, бизнес субьектілеріне пайда әкелетін, мемлекеттің қаржысын үнемдеуге ат салысатын, апатты үйде күнелтіп жатқан жандарға көмектесу үшін мемлекеттік- жекеменшік серіктестік бағдарламасы қолға алынып, жұмысын бастады. Бүгінде сол бағдарламаның аясында қала аумағында бес тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр.

Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік бағдарламасының аясында Гагарина 1 мекен-жайында да тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Ертеректе, құрылыс нысанының орынында екі қабатты қос апатты үй болатын. Тозығы жеткен ғимаратта 20 отбасы күнелтіп келген. Құрылысы өткен жылы басталған нысан биылғы жылдың аяғында азаматтарға табысталмақ.

Абзал Сүйнешев, мердігер компанияның өкілі
Қазіргі таңда, құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Құрылыс жұмыстары өткен жылы тамызда басталған еді. Биыл толықтай аяқтап, азаматтарға табыстаймыз деп жоспарлап отырмыз. Бұл нысан тоғыз қабатты, 126 пәтерлік болады. Құрылыс барысында Отандық өнімді қолданып жатырмыз.

Биылғы жылы апатты деп танылған 11 үй сүріледі деп жоспарланыпты. Алайда, қазіргі таңда қала аумағында орналасқан тек 4 үй ғана бұзылған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.