Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

4 баланың әкесін өлтірген күдіктіге үкім оқылды

c 17:20, 08/02/2022 c 298

Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотта еш жазықсыз төрт баланың әкесін өлтірді деп айыпталған Туренковтың ісі бойынша сот үкімі жарияланды. Ол алдағы өмірінің 14 жылын тар қапаста өткізетін болады. Сот үкімін судья Бахыт Ермаханов оқыды.Айта кеткен жөн, қанды оқиғаға айыпты деп танылған Виталий Туренков бұған дейін де бірқатар қылмыстар жасап, істі болған. Атап айтқанда 2006, 2009, 2015, 2017 жылдары өзгенің мүлкіне қол сұғу, алаяқтық және ұсақ бұзақылық істері бойынша заң аясында жазаланған. Ал оқиға болған өткен жылдың 3-қыркүйегінде түнгі сағат 23-тер шамасында «Витс» дүкені маңында азаматтық некедегі әйелін бұзақылардан қорғамақ мақсатта жәбірленуші Марат Утегуловтың жүрек тұсына пышақ сұғып, оқиға орнынан бой тасалаған.
Сондай-ақ күдікті марқұмның отбасына 2 млн 600 мың тенңге шамасында материалдық өтемақы және 10 млн тенге көлемінде моральдық өтемақы төлейтін болады. Марат Утегуловтың жұбайы Айкөркем Қуаныш сот шешімімен толықтай келісетінін, ал күйеуі қылмыскердің қолынан жазықсыз қаза тапқанын айтып көзіне жас алды.Сот үкім әлі заңды күшне енген жоқ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.