Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

3 қоғамдық көлік электронды карта арқылы жолақы төлемін қабылдауға көшті

c 18:28, 14/08/2018 c 1015

Бүгінгі күні жолаушыларға арналып 200 карта шығарылып отыр. Айта кетейік, бұл орайда қолма-қол жолақы төлемі де, смс арқылы жүзеге асатын төлем де қолданыста қала береді. Бұл жөнінде жолаушы көлігі және авто көлік жолдары хабарлады.

Электронды төлем карталары нөмірі 5, 7, 39 қоғамдық көліктерінде енгізіліп отыр. Автобус ішінде кондуктор картасы бар жолаушылардан жолақыны арнайы құрылғы арқылы қабылдайды. Жолақы картасының құны 400 теңге тұрады.

Жаппай цифрландыруға көшу кезінде аталмыш жаңашылдықты жолаушылар оңды қабылдады. Және электронды төлемнің өз ұтымды тұстарының болуы көңілдерінен шығыпты.

Картаны сатып алғанда ішінде бір реттік төлеақы, яғни 80 теңге болады. Әр адам өз қажеттілігінше ішіне әрі қарай ақша салуы тиіс. Қыркүйек айында мұндай төлем барлық маршруттарға енгізіледі деп күтілуде. Қалада 500 автобус GPS-трекермен жабдықталған. Осыған дейін смс арқылы жүзеге асатын төлем енгізілген болатын. Бұл жаңашылдықтармен қоса, жолаушылар үшін қолма-қол жолақы төлемі де қолданыста қала береді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.