Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

2285 оқушы мектеп бітірді

c 17:52, 25/05/2021 c 660

0:00 / 0:00

Бүгін оралдық 2285 оқушыға соңғы рет қоңырау соғылды. Мектеп түлектерінің жадында мәңгі сақталатын салтанатты шара биыл барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, ұйымдастырылды. Күні кеше ғана мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндер бүгін 11 жыл білімін тәмамдап, үлкен өмірге қадам басты.

Мұқағали Мақатаев "Мектебің мынау класың ,
Осында он жыл тұрасың .
Тарыдай болып кіресің,
Таудай болып шығасың " деп жырламақшы, бүгін мектеп түлектері алтын ұя мектептерімен қоштасты. Биыл жұқпалы індеттің өршуіне байланысты соңғы қоңырау салтанаты үш түрлі форматта өтті.

11-сыныпты аяқтаған оқушылар үшін салтанатты шара таза ауада ұйымдастырылды. Олар мектеп ауласында соңғы рет сап түзеді. Соңғы қоңырау салтанатында мектеп түлектеріне сабақ берген мұғалімдері, ата-аналары жүрек жарды, ақжарма тілектерін білдірді. Үлкен өмірге қадам басқалы тұрған жас өрендер де алғыстары мен ыстық ықыластарын өлеңмен жеткізді.

11 жыл білім нәрімен сусындап, енді арман қуып талай қияға сапар шеккелі тұрған мектеп түлектерін сөзге тарттық.

Салтанатты шара соңғы қоңырау сыңғырымен өз мәресіне жетті.

Жалпы Орал қаласында биыл 2285 оқушы мектепті аяқтады. Оның 111-і "Алтын белгі" төс белгісіне үміткер. Енді оқушылар емхитандарын тапсырып, алған білімдерін ҰБТ-да дәлелдейді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.