Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

21 жастағы қызды айуандықпен өлтірген күдіктіге ауыр жаза талап етуде

c 17:28, 27/01/2022 c 1314

0:00 / 0:00

Оралда 21 жастағы қызды жауыздықпен өлтіріп, мәйітін өртеп жіберген күдіктінің соты басталды. Марқұмның туыстары сотталушыға ең ауыр жаза берілуін талап етіп отыр. Ал күдікті марқұмды түсінде жиі көріп, қиналып жүргенін айтып, туыстарынан кешірім сұрады.21 жастағы Анастасия Чёрная былтыр 13-қыркүйекте жоғалып кеткен еді. Оның хабарсыз кеткеніне алаңдаған туыстары алдымен полицияға хабарласыпты. Кейін іздеу ісіне еріктілер де атсалысты. Бірақ Анастасияның өртеніп, күлге айналған мәйіті қала сыртындағы тоғайдан табылды. Марқұмның артында екі жасар қызы қалды. Ауыр қылмыс жасады деп айып тағылған 28 жастағы күдікті марқұммен сауда үйінде танысыпты. Тіпті мәрттік танытып, Настяға несие рәсімдеуге көмектескен. Содан қыз жігіттің жеке куәлігін өзінде қалдырыпты. Кейін күдікті оны оңаша жерге шақырып, кездеспек болған.Қылмысын жасырмақ болған күдікті мәйітті орманға апарып, бензин құйып өртеп жіберген. Марқұмның туыстары мұндай айуандықпен жасалған қылмыс үшін ол ауыр жазалануы тиіс деп талап етіп отыр.Ал күдіктінің туыстары соттан рақымшылық танытуды сұрайды. Өйткені оның да кішкентай қызы тірі жетім қалмақ. Сотталушы кінәсін мойындады. Тіпті өзі өлтірген Анастасияны түсінде жиі көретінін де жасырмады. Туыстарынан кешірім сұрады. Егер оның кінәсі дәлелденсе, 12 жылға дейін сотталуы мүмкін.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.