Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

2 науқас тіркелді

c 15:53, 30/03/2020 c 552

0:00 / 0:00

БҚО-дағы коронавирус жұқтырғандардың бірі- Атыраудан, бірі- Саратовтан келген. Бұл жайлы БҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Болатбек Каюпов жергілікті телеарнада өткен брифингте айтты. Науқастардың жағдайы бірқалыпты. Ал еліміз бойынша 7 науқастың халі ауыр деп бағаланып отыр.БҚО бойынша коронавирус жұқтыру дерегі 29 наурызда тіркелді. Олардың біреуі көршілес Атырау қаласынан, біреуі Ресейдің Саратов қаласынан келген. Екеуі де оқшауланды. Байланыста болған адамдардың барлығы арнайы бақылауға алынған.Бүгінде облыстың 92 тұрғыны оқшауланған. Оқшауланғандар шамамен екі апта дәрігерлер бақылауында болады. Өңірде карантинге жатқызылған адам стационардан өз бетімен кетіп қалғандықтан, оған әкімшілік айыппұл салынған. Ал аждаҺаша айналасын жалынымен шарпып келе жатқан жаман кеселді кері қайтару сіз бен бізге байланысты екенін естен шығармау қажет.Бүгінде өңірде сақтық шаралары жоғары деңгейде қолға алынуда. БҚО мен Ақтөбе және Атырау шекаралары жабылды. Ал науқастар тіркелген мекенжайдағы көп қабатты үйлер толықтай дезинфекцияланды. Бүгінде ол аумақтарда қауіп сейілген. Тұрғындарға азық-түлік пен медициналық препараттар алуға кедергі жоқ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.