Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

180 отбасы қоныс тойын тойлады

c 17:41, 08/01/2021 c 806

0:00 / 0:00

Оралда 180 отбасы қоныс тойын тойлады. Орал-Саратов тас жолында орналасқан көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Тұрғын үйдің құрылысы үшін 1,8 млрд. теңгедей қаражат бөлінген.

Орал қаласында тағы да жаңа 180 пәтерлік тұрғын үй пайдалануға берілді. Баспананың кілті "Отбасы" банкінде шоты бар пәтер кезегінде тұрған жандарға табысталды.

Жаңа пәтердің иелерін шаһар басшысы құттықтады.

Мемлекеттік бағдарлама аясында салынған тұрғын үйдің құрылысы үшін қазынадан 1,8 млрд теңге бөлінген.

Пәтер кезегінде тұрып, банкке ақша жинап алған отбасылардың бірі - Досановтар әулеті. Жанұя 2012 жылдан бастап, баспана кезегіне тұрған. Бүгінде 3 бөлмелі пәтердің иесі атанып, енді қоныс тойын тойламақ.

Жалпы Орал қаласында 9 үй мемлекеттік бағдарлама аясында салынды. Қазіргі таңда сегіз үйдің кілті азаматтарға табысталды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.