Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ТУРИСТЕРДІ ТАРТУ ЖОЛЫ

c 05:44, 02/04/2022 c 504

0:00 / 0:00

Қазақстанға туристердің келуін арттыру үшін, қолөнер индсутриясын дамыту қажет болып тұр. «Kazakh tourism» ұлттық компаниясы елімізге келген туристер тек Қазақстанның әсем табиғаты мен тарихи-мәдени мұрасын ғана қызықтап кетпей, ұлттық қолөнердің өнімдерін сатып алып, осы саладағы кәсіпкерлікті дамытуға жол ашылатын болады деп отыр. Елордада заманауи көшпенділер форумы өтіп, онда сән индустриясы, қолөнер, мәдениет саласындағы мамандар мен мемлекетік орган өкілдері және бизнес қауымдастығы арасында ашық диалог өткен еді.
«Kazakh tourism» ұлттық компаниясының мәліметінше, пандемия барысында ішкі туризмде айтарлықтай алға жылжушылық байқалды. Өткен жылы ішкі туризм 7 миллион адамды құрады. Бір жаманның бір жақсысы бар дегендей, карантиндік шектеулер кезінде сыртқа шыға алмаған отандастырымыз инфрақұрылымы сын көтермейтін демалыс орындарына барып, еліміздің әсем табиғатын қызықтаған еді. Ендігі мәселе сырттан келетін туристердің санын арттыру керек. «Kazakh tourism» ұлттық компаниясы елімізге келген туристер тек Қазақстанның көркем жерлері мен тарихи-мәдени мұрасын ғана қызықтап кетпей, ұлттық қолөнердің өнімдерін сатып алып, осы саладағы кәсіпкерлікті дамытуға жол ашылатын болады деп отыр.

Қолөнер шеберлерінің өнімін сату үшін, оларға тегін орындар ұсынылмақ.

Әлемде тек туризммен дамып отырған елдер бар. Инфрақұрылымы, қызмет көрсетуі саласы дамыған елдерге туристердің сұранысы артқан. Ал Қазақстан әлемге өзін жарнамалауда кенже қалып отыр. Туризм тек табиғатпен ғана шектелмейді, тарих пен археологиялық қазбалардың, мәдениет пен өркениеттің, сәулет пен ескерткіштердің тартымдылығымен, салт-дәстүрдің ерекшелігін де туристерді тартуда қоланған жөн дейді мамандар. Ол үшін Қазақстанның потенциалы мол. Алайда, елімізді Орта Азияның туристік шаңырағына айналдыра алмай отырмыз. Үкімет туризмді дамыту жоспарын жасағанымен, еліміздегі туристік орындардағы жағдай көңіл қоншытпайды. Бәрі маусымдық сипатта ғана қызмет етеді. Қазақстанның бай табиғатын насихаттайтын фильмдер аз. Ақпарат жоқтың қасы. Шетелдік туристер үшін ғаламтордан Қазақстанның туристік жерлері туралы мәлімет алуына мүмкіндік жасалмаған. Өкінішке оарй шетелдіктер түгілі, қазақстандықтардың өзі еліміздің әсем жерлеріне саяхаттап бара бермейді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.