Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҚОРҒАСТА ПРИТОН МЕН КАЗИНО ӘШКЕРЕ БОЛДЫ

c 11:21, 10/04 c 18

0:00 / 0:00

Шетелдік азаматтардың жезөкшелер ошағы мен заңсыз казино ұйымдастырғаны мәлім болды. Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қытай азаматтары «Қорғас» ШЫХО аумағының Қазақстан жағында 6 заңсыз ойын бизнесін және бір жезөкшелер ошағын қытай ұйымдастырған. Аталған орындарды Қаржы мониторингі агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті облыстық прокуратурасы, Ұлттық қауіпсіздік департаменті сондай-ақ облыстық полиция әрі шекара қызметімен бірлесе отырып жойды. Мәлім болғандай бұл астыртын ойын мекемелері түнгі уақытта шектеулі адамдар үшін жұмыс істеген. Яғни тек Қытай азаматтары барып отырған. Тергеу жүріп жатқандықтан өзге мәліметтер таратылуға жатпайды дейді ресми өкіл.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.