Радиациялық бақылауды ұйымдастыру мәселелеріне арналған ведомствоаралық семинар-кеңес өтті. Іс-шараны Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ұйымдастырды.Жиынға Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Нұрлан Рахымғалиев, құқық қорғау органдарының өкілдері, сондай-ақ АҚШ Энергетика министрлігінің және ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мамандары қатысты.Ақжайық өңіріне арнайы келген АҚШ Энергетика министрлігінің өкілі доктор Виктория Санчес пен ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің маманы Замира Айдарбекқызы бұл семинардың маңызыдылығына тоқталды.Еліміздегі тыныштық пен бейбітшілікті сақтау бұл әуе қатанысын бақылаумен тыңыз байланысты. Осы орайда еліміз АҚШ пен келісім аясында былтырдан бастап М.Мәметова атындағы Орал халықаралық әуежайда «Янтарь» автоматтандырылған радиациялық бақылау жүйесі орнатты. Жүйе 10 жиынтықтан тұрады, олардың арасында жолаушылар, багаж және көлік ағынын бақылайтын құрылғылар бар.Бұл апараттар жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай еліміздегі тұрақтылықты сақтауға мүмкіндік жасап отыр. Бұл күнгі семинарда осы келісімшарт аясында атқарылған жұмыстар туралы сөз болды. Бұл жүйенің бірегейлігі - үш қызметтің бір мезгілде бір нүктеден бақылау жүргізу мүмкіндігінде: Мемлекеттік кірістер органдары халықаралық рейстерге, Шекара қызметі - ЕАЭО рейстеріне, ал авиациялық қауіпсіздік қызметі ішкі рейстерге жауапты.Осы орайда министірлік өкілдері бүгінге дейін бірқатар атқарылған шараларға тоқталып, жұмысты одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті. Ұйымдастырушылар бұл жиындар халықаралық тәжірибе алмасуға, кәсіби байланысты нығайтуға және ведомствоаралық өзара іс-қимылды арттыруға бағытталғанын атап өтті.Семинар қатысушыларына табысты жұмыс, жаңа идеялар және нәтижелі ынтымақтастық тілегімен іс-шара аяқталды.