Астанада заңсыз майнингпен айналысқан азаматтарға қатысты үкім шықты. 2022 жылдан бастап 2024 жылдың мамырына дейін олар майнинг фермасын қозғалтқыштарды өңдеу орталығы ретінде жасырып, мегаполис деңгейіндегі тұрғын ауданмен тең электр энергиясын тұтынған.Тергеу барысында үш азаматтың цифрлық актив өндірумен заңсыз айналысқаны дәлелденді. Тінту кезінде 1 257 бірлік асик-майнер, өнеркәсіптік салқындатқыш желдеткіштер мен трансформаторлық станция тәркіленді.Сот шешімімен олар ҚР Қылмыстық кодексінің 214-бабының 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, айыппұл жазасына тартылды. Сонымен қатар, мемлекет пайдасына 900 миллион теңгеден астам мүлік тәркіленді. Олардың қатарында екі автокөлік — Toyota Camry мен Nissan Juke, сондай-ақ барлық майнинг жабдықтары бар.