Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БИШІМБАЕВ МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН БОСАП ШЫҒА АЛА МА?

c 09:20, 17/05 c 34

0:00 / 0:00

Үш айға созылған Бишімбаев соты тек Қазақстанның ғана емес, әлем назарында болды десек артық емес. Әйелі Салтанат Нүкенованы аса қатыгездікпен өлтірді деп айыпталып, сотта солл қайғылы оқиға орын алған күннің барлық эпизоды, тіпті Бишімбаев пен Нүкенова отбасын құрғаннан бергі өмір салты баршаға мәлім болды. Ашық форматта өткен сот отырысына да нүкте қойылды. Өздеріңізге мәлім, алқабилер Қуандық Бишімбаевты азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы өлтіріп, азаптағаны үшін кінәлі деп тапты. Сот оны қатаң режимдегі түрмеде жазасын өтеу үкімімен 24 жылға бас бостандығынан айырды. Темір торға қамалған экс-министр тек 68 жасқа келгенде ғана бостандыққа шығады. Дегенмен, сотталушының мерзімінен бұрын бостандыққа шығуына мүмкіндік бар. Бірақ Бишімбаев жаза мерзімінің 2/3 бөлігін өтегеннен кейін шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш бере алады. Сондай-ақ, марқұм Нүкенованың туғандарының келісімі де қарастырылады. Дегенмен, бұл шешімді судья шешеді

БОТАГӨЗ ЖАҚСЕЛЕКОВА – ҚР ӘДІЛЕТ ВИЦЕ-МИНИСТРІ «Ондай мүмкіндік қарастырылған. Бишімбаевтың мерзімінен бұрын бостандыққа шығу мәселесі заң бойынша регламенттелген. Ол жасалған қылмыстың ауырлығына байланысты.Жалпы бұл мәселені сот шешеді. Қылмыс жасағаны үшін сотталған адам өтінішті түзеу мекемесінде бере алады.Аса ауыр қылмыс бойынша тоқталайын. Мұнда ең аз мерзім жазаның үштен екісін кешіруге болады. Иә, мұнда жәбірленуші тараптың келісімі керек. Біріншіден, мерзімінен бұрын түрмеден шығару шешімін сот шығарады».

Яғни 2040 жылы Бишімбаевтың мерзімінен бұрын босап шығуына осындай мүмкіндік беріледі. Айта кету керек, аталған қылмыстық іс бойынша тағы бір айыпталушы, экс-министрдің туысы Бақытжан Байжанов 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейтін болады. Аты шулы Бишімбаев ісі бойынша үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.