Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«ЖАСТАРҒА 5 ПАЙЫЗДЫҚ ИПОТЕКА БЕРІЛСІН»

c 09:23, 17/05 c 37

0:00 / 0:00

Елде жастарды қолдау керек деген ұрандар көп айтылады. Жастар саясаты туралы заң да бар. Кей өңірлерді бірлі-жарымды жастарға жалдамалы пәтер беретін бағдарламалар да енгізілді. Алайда елдегі оқиғалардың бел ортасында жүрген жастарға қолдау әлі де болса аз дейді депутаттар. Жас буын үшін ең басты қажеттілік -баспана мәселесі шешімін таппай отыр. Ал соңғы бес жылда инфляция шарықтап, жастардың баспана алуға қаржы жинауына мұршасы келмей қалды. Қымбатшылық қысып барады.

2019 жылдан бері Астана, Алматы, Шымкент қалаларында жалдамалы пәтерге орныққан жастардың саны 10 000-ға жуықтады. Ал сол пәтерді жалға алған жастардың баспананы босатуына да аз уақыт қалды. Яғни ірі қалалардағы жастарымыз далада қалуы мүмкін дейді Мұқаев. Депутат үкіметтен жастарға 5 пайыздық ипотека беруді сұрады.

Оның айтуынша, елде жастарға арналған тиімді мемлекеттік бағдарлама жоқ. Соның салдарынан жастар баспана алу үшін шетел асып жұмыс істеуге мәжбүр. Келмей қалып қойып жатқаны қаншама. Бұл елімізде дарынды, талантты жастардың азаюына алып келуде. Тағы бір мәселе жоғарыла айтылғандай жалдамалы пәтер алған жастар өзге де мемлекеттік бағдарламалар мен үй кезегінде тұру мүмкіндігінен айырылып отыр. Ақшасын жинап, түйіп отырған жастар, басқа бағдарламаға қатыса алмаса қалай баспаналы болады дейді депутат.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.