Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

НАУРЫЗДАН ҮМІТ БАР МА?

c 11:05, 14/05 c 62

0:00 / 0:00

Үстіміздегі жылдың сәуір айының 25-нен бастау алған «Наурыз» бағдарлама аясында 17,5 мыңға жуық адам өтініш білдірген. Оның ішінде 9 мыңға жуық өтініш қабылданды, оның жартысы өтініш тұрғын үйге кезекте тұрған халықтың әлеуметтік осал топтары өкілдеріне тиесілі. Бұл көпбалалы отбасылар, жетім балалар, тұрғын үйі апатты деп танылған азаматтар. «Наурыз» ипотекасына кез-келген қазақстандық қатыса алмайды. Бұл бағдарламаға қатысушылардың және олардың жақындарының мысалы әйелі, күйеуі, 18-ге толмаған балаларының атында жылжымайтын мүлік болмауы керек. Егер қатысушының атында жер учаскесі, гараж сияқты жылжымайтын мүлік болса, онда ол бағдарламаға қатыса алмайды. Атында соңғы 5 жылда жылжымайтын мүлік болмауы керек. Депозитінде миллимоны болуы міндетті.

Барлық өтініш берген азаматтың 62%-ы 35 жасқа дейінгі жастар. Ал ең жас өтініш берген азамат 18 жасар Түркістан облысының тұрғыны екен. Биылғы көктемде топан су басқан аймақтарда баспанасынан айырылған халыққа қолдау көрсету жолдарын табуға болады деп отыр банк басшылығы.

Айтулы "Наурыз" бағдарламасы 8 жыл бойы жұмыс істейтін болады.Бүгінде баспанаға қол жеткізе алмай отырғандардың саны 3 миллионға жуықтайды. Жас отбасы үшін пәтерге ақша жинау мүмкін емес. Тапқан табысы жалдамалы пәтер ақысы мен тамағынан аспайды. Ал Қазақстанда ипотекалық қарыздың пайыздық үстемақысы тым жоғары. Үкімет ұсынып отырған жеңілдетілген баспана бағдарламалары әртүрлі себептермен бәріне бірдей қолжетімді болмай жатыр. Тұрғын үй құрлысы экономиканың драйвері болуға лайықты шығар. Бірақ біздің құрылыс саласы шетелдік экономика үшін тиімдірек сияқты. Себебі, құрылыс материалдарының 70 пайызы сырттан әкелінеді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.