Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ТЕНДЕРДЕН ТЕҢГЕ ТАПҚАНДАР

c 09:56, 16/05 c 32

0:00 / 0:00

Мәжіліс мақұлдаған Мемлекеттік сатып алу туралы заң тендерден теңге табуды көздегендердің жолын кеседі деген үміт бар. Өкінішке орай Қазақстанда мемлекеттік сатып алу саласы сыбайлас жемқорлық жайлаған жүйе. Қазына қаржысын жымқырып қалуды көздеген ашкөз шенеуніктер мен оған қатысушы жекеменшік компаниялар үшін бұл сала майшелпек болып табылады. Біріншісі тендерден ұтып алуға көмектесіп пайдаға батса, екіншісі бюджет қаражатын алып алып, өз міндетін толық орындамай мемлекетті шығынға батырып жатады. Қаржы вице-министрінің айуынша, мемлекеттік сатып алуларға жұмсалатын қазына қаржысы 6,6 трлн теңгені құрады.

Заңның жаңа нұсқасында ауыл әкімдіктеріне 4 000 АЕК шегінде бір көзден сатып алуға рұқсат беріледі. Тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алуды орындаушының әкімшілік жауапкершілігі артып отыр. Тендерге қатысқан жеткізушілер жалған ақпарат ұсынған жағдайда оларды мемлекеттік сатып алудың адал емес қатысушылары деп тану туралы талапты сотқа бермегені немесе уақтылы бермегені үшін 30 АЕК, қайталанған жағдайда – 60 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Сондай-ақ, жеткізуші шартты орындамаған жағдайда оның жалтарғаны туралы мәліметтер уәкілетті органға ұсынбаған үшін тапсырыс берушінің лауазымды тұлғалары әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 30 АЕК, қайталаған жағдайда – 60 АЕК көлемінде айыппұл салу. Депутаттардың айтуынша, енді тендер өткен жағдайда комиссия құрамында таныс-тамыры отырса, қатысып жатқан компания шеттетіледі.

Тағы бір жаңашылдық- белгілі бір өңірде өткізіліп жатқан мемлекеттік сатып алулар барысында сол аймақтың кәсіпкеріне басымдық жасалады.

Құрылысқа байланысты өткен тендердің дұрыс орындалуын қадағалау үшін қоғамдық мониторинг институты енгізілетін болады. Мәжіліс Мемлекеттік сатып алу туралы заңды мақұлдап, Сенатқа жолдады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.