Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ӘКЕНІҢ ЖАНАЙҚАЙЫ

c 09:11, 14/05 c 47

0:00 / 0:00

Әйелі Салтанат Нүкенованы аса қатыгездікпен өлтірді деп айыпталып жатқан Қуандық Бишімбаевтың сот ісі бүгін жалғасты. Экс-министр Бишімбаевтың ісін қарап жатқан алқабилер мен судья үкім шығару үшін кеңесу бөлмесіне кетті. Сондай-ақ, осы отырыста кеңесу бөлмесінде алқабилерге қойылатын сұрақтар мәлім болды. Қуандық Бишімбаевқа тағылып отырған айыпқа сәйкес, адам өлтіру, қасақана аса қатыгездікпен адам өлтіру бабы бойныша 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы бар. Марқұмның әкесі әлемдік сот тәжірибесін зерттегенін айтады. Әлем елдерінде мұндай қылмыс үшін өмір бойы бас бостандығынан айырады. Бұл өте дұрыс шешім дейді ол.

Жоағырда айтылғандай кеңесу бөлмесінде алқабилерге 13 сұрақ қойылады. Оның басым бөлігі экс-министрге тағылған айыптарға қатысты. Алқабилер алдымен адамды қинау бойынша төрт сұраққа жауап береді. Екі жарым айға созылған сотына әлі нүкте қойылған жоқ. Тергеу нәтижесі бойынша экс-министр Бишімбаев марқұм Нүкенованы бір жылдың ішінде бірнеше рет ұрып-соғып, қадір-қасиетін кемсіткен. Алқабилерге қойылатын сұрақтардың ішінде Бишімбаевтың осы әрекетті қасақана жасағаны дәлелденді ме, жоқ па деген сұрақ та бар. Осы кеңестен кейін ғана сот залында айыпталып отырған Бишімбаев пен Байжановқа қатысты үкім мәлім болады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.