Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«ҚАҢТАР ТРАГЕДИЯСЫНА ҚҰҚЫҚТЫҚ БАҒА БЕРІЛМЕДІ»

c 10:44, 10/03/2022 c 377

0:00 / 0:00

Жыл басында елде орын алған қаңтар трагедиясына қатысты ашық ақпарат жоқ дейді халыққалаулылары. Жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырғандар, қару ұрлағандар кімдер? Қанша адам жәбірленді? Жапа шеккен кәсіпкерлер мен зәбір көрген азаматтарға толыққанды көмек көрсету үдерісі қашан аяқталады? Арандаған кімдер? Арандатқан кімдер? Өртеніп жатқан ғимараттарға бас-сирағын үйтіп жүргендер кімдер? Изоляторлардағы жатқандардың жай-күйі қалай? Олардың құқы қай деңгейде сақталуда? Қылмыстық іс қашан аяқталады? Сотқа қашан жіберіледі? Жалпы сол күндері қандай жағдай орын алды? Ішкі істер министрлігі, бас прокуратура және сыбайлас жемқорлықақ қарсы күрес агенттігінің басшылары Парламент Мәжілісіне келіп, депутаттардың алдында жоғарыдағы сұрақтарға жауап берсін деп талап етті мәжілісмен Жанарбек Әшімжанов. Ол Бас Прокурор Берік Асыловқа депутаттық сауал жолдады.

Қаңтар қасіретінен соң қоғам биліктің әр қадамын қалт жібермей қадағалап отырады. Жаппай тәртіпсіздік, қаралы қаңтар, қаңтар трагедиясы деп аталып кеткен бұл оқиғаға әлі құқықтық баға берілмеген. Екі айдан асты, бірақ құқық қорғау органдары қаңтар оқиғаларында қаза болған 227 адамның аты-жөнін жариялаған жоқ. Билік хабарлағандай мемлекеттік төңкеріс жасағысы келген лаңкестер жайында да толық ақпарат жоқ. Ал әлеуметтік желі бетінде құқық қорғау органдарының қызметкерлері тарапынан азаптауларға тап болып жатқан азаматтардың туған-тусытарының жанайқайынан көз сүрінеді.

Депутат халықтың көкейіндегі сұрақтарға Бас прокурор, ішкі істер министрі және сыбайлас жемқорлықақ қарсы іс-қимыл агенттігінің басшысы мәжіліске келіп, ашық ақпарат, нақты жауап берсін деген талабын алға тартты.

Мәжілісменді палата төрағасы да қолдап, тиісті тапсырма берді.

Ал сол жаппай тәртіпсіздікке қатысты деген күдікпен ұсталғандар құқық қорғау органдарының қызметкерлері тарапынан соққыға жығылып, жан түршігерлік азаптаулар жасалды деген шағым көп, тіпті адвокаттардың, адам құқы қорғау уәкілінің араласуымен босатылып алғандар да бар. Ендігі прокуатура 9 полицейге қатысты қылмыстық іс қозғалғанын да хабарлаған еді. Ал сол кезде ішкі істер министрлігін басқарып тұрған Ерлан Тұрғымбаев бұл іске жауапты ма?

Қаңтар оқиғасы кезінде ұсталғандарды азаптау және қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану бойынша 203 қылмыстық іс қозғалған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.