Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қаламыздағы 5517 әскери бөлімінің ғимаратында "Мемлекеттік тіл-менің тілім" атты байқау конкурсы өткізілді

c 00:00, 16/07/2015 c 798

0:00 / 0:00

Қазақстан Республикасының ұлттық ұланының "Батыс" өңірлік қолбасшылығы әскери бөлімдерінің өзге ұлт өкілдері арасандағы сайысқа, Ақтөбе, Ақтау, Атырау, Жаңаөзен және Орал қаласындағы әскери қызметшілер қатысты. Байқауға қатысушылар "Бастау", "Өрлеу", "баяндау" атты үш кезеңнен тұратын байқауда, өздерінің мемлекеттік тілді қаншалықты меңгергендіктерін байқатты. "Мемлекеттік тіл - менің тілім" атты байқау конкурсының негізгі мақсаты, әскери қызметшілер арасындағы өзге ұлт өкілдерінің, мемлекеттік тілімізді меңгерулерін жақсарту. Еліміздегі әскери бөлімдерімізде осымен 13-ші рет өткізіліп отырған бүгінгі сайысқа, әр қаладағы әскери бөлімдер арасындағы байқаудың бірінші кезеңінен жолдама алған, әскери қызметшілер қатысуда. Еліміз үшін айтулы күн, Қазақ хандығының құрылғандығының 550 жылдығы мен Конституциямыздың және ҚХА-сының 20 жылдығының құрметіне арналған бүгінгі аймақтық байқауға жолдама алған конкурс қатысушылары, өз өнерлерімен, мемлекеттік тілді меңгерулерімен бұл жолы бөлімдерінің емес келген өңірлерінің атын шығарды. Сайысқа қатысушылар "Бастау", "Өрлеу", "баяндау" атты үш кезеңнен тұратын байқауда, өздерінің мемлекеттік тілді қаншалықты меңгергендіктерін байқатты. Қызылорда облысының, Қазалы ауданының тумасы, ұлты грек баласы Константин Андреади бүгінде, Ақтөбе қаласындағы 6655 әскери бөлімінде келісім шарт қызметкері болып еңбек етуде. Ана тілімізді жетік меңгерген Константин, қазақ халқының тарихын бейнелейтін көрініске қатысып, өз өнерін көрсетуде. Батыс өңірлік қолбасшылығына қарайтын бес бөлімнен келген әскери қызметшілердің ең үздігі Республикалық сайысқа жолдама алады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.