Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

АЛИМЕНТТЕН ЖАЛТАРҒАН БОРЫШКЕРЛЕРДІҢ ҚАРЫЗЫ 847 МЛН АСАДЫ

c 13:00, 11/04/2023 c 142

Шаңырағы шайқалған отбасылардағы жалғыз жазықсыз жан - балалар. Көздері жаутаңдаған бауыр еті баласына көңіл бөліп, қамқор болуды ар санайтын әкелердің жауапсыздығы қоғам назарын өзіне аудартып отыр. Батыс Қазақстанда мұндай жағдай аудандар мен облыс орталығында көптеп тіркелуде. Алимент төлемдерін өндіру мәселесінің нәтижесі көңіл көншітпейді. Өңірде борышкер санатын арқалаған әкелердің қарызы 847 млн теңгені құрайды.

ЕСТАЙ РАШҚАЛИЕВ

БҚО ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Сала мамандарының айтуынша, алимент төлеу ісінде ер азаматтардың айтар лажы біреу-ақ. Ол - жұмыссыздық. Шынтуайтына келгенде, әр борышкер қызметін жасырып, нәпақасының жартысын балаларының аузына тосудан жалтарып жүр. Бұл орайда, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы тосқауыл болар шаралар қабылдағанымен қамкөңіл әке қолдаудан өз еркімен бас тартатын көрінеді. Алимент төлемдері бойынша 3 айдан астам уақыт берешегі бар борышкерлер жұмыспен қамту орталықтары арқылы еңбекпен қамтылады.

АЛПАМЫС КӨШКІНБАЕВ

БҚО ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Кеңеске жиналғандар бұл істе бірлескен жұмыстың ықпалы боларына сенімді. Алда Әділет департаменті, ақсақалдар мен әкелер кеңестері, медиация орталығы және үкіметтік емес ұйымдардың жұмысы бір арнаға тоғыспақ. Облыста 50 әкелер клубы қызметіне кіріскен. Оның аясында бала тәрбиесіндегі әкенің рөлін арттыру көзделген. Сондай-ақ «Мемлекеттік сатып алу конкурсы арқылы жарияланатын тапсырыс шеңберінде отбасы институтын жандандыру шаралары енгізілуі қажет»,- дейді облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов.

БАҚЫТЖАН НАРЫМБЕТОВ

БҚО ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Борышкерлерді әкімшілік және қылмыстық жазаға тартуда нәтижелер әлі де пысықтауды қажет етеді. Әділет департаменті Полиция департаментінен іздеу жарияланған борышкерлерді іздестіруге және оларды мәжбүрлеп әкелуге қолдау көрсету туралы ұсыныстарын білдірді.

 

 

 

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.