Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ПИК ЖҰМЫСЫНА КӨҢІЛІ ТОЛМАЙДЫ

c 16:56, 30/08/2023 c 69

0:00 / 0:00

Сейфуллин және Неусыпов, Т.Масин көшесінде орналасқан мына тұрғын үйлердің салынғанына 60 жылдан асты. Мұндағы электр желілері мен су, жылу, кәріз құбырлары ескірген. Аталған үйлерге біраз жылдан бері «Еуразия» пәтер иелері кооперативі қызмет көрсетіп келеді. Бірақ тұрғындардың мекеме өкілдері ұсынатын коммуналдық қызметке көңілдері толмай отыр. Сейфуллин көшесі, 4/2 үйдің кіреберісіне әктеу-сылау жұмыстары жүргізілуі тиіс болған-ды. Жаз өтіп, күз жетті. «Қабырғаны бояп жатқан жұмысшыларды көрмедік»,- дейді тұрғындар.

ДАНА ҚАРАБАСОВА

ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

Неусыпов көшесі, 26/3 және 28 мекенжайында орналасқан тұрғын үйдегі отбасылардың «Еуразия» пәтер иелері коперативіне шағымы көп. Өткен жылы жылыту маусымының алдында жылу құбырларын ауыстырған жұмысшылардың қызметі текке кеткенін айтады. Өйткені жанұялар қыс бойы баспананы жылытумен әуреге түскен. Кәріз құбырларының сыйқы да мәз емес. Ауланы арамшөп жайлады.

АЙГҮЛ ЖҰМАҒАЛИЕВА

ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

ЮЛИЯ КОНЯШИНА

ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

«Еуразия» пәтер иелері коперативі басшылығының айтуынша, тұрғындар көтерген мәселе кезең-кезеңмен жүзеге асырылмақ. Төраға кадр тапшылығы салдарынан жұмыстар жоспардан кешігіп жатыр деп ағынан жарылды.

НҰРЛАН СҰЛТАНҒАЛИЕВ

«ЕВРАЗИЯ» ПИК ТӨРАҒАСЫ

ПИК басшысы тұрғын үйдің ауласын басқан арамшөпті шабу жұмыстарын жалдамалы жұмысшылар арқылы шешіп отырғанын жеткізді. Көпқабатты тұрғын үйге жақын орналасқан «Қарлығаш» бөбекжайы ауласының сыртындағы арамшөпті жұлу мәселесін бақылауға алып, балабақша басшылығына ескертуге уәде етті. Екі жыл бұрын ұсынылған балалар ойын алаңын салу мәселесі шешімін таппай келеді. Нұрлан Сұлтанғалиевтың айтуынша, биыл ойын алаңқайы салынбайды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.