Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА МАМАН ТАПШЫ

c 17:06, 27/11/2023 c 45

0:00 / 0:00

Агрария мықты дамыса мұнайлы елдерді шаң қақтырып кетуге болады дейді сарапшылар. Қазақстанда ол үшін барлық мүмкіндік бар. Бірақ аграрлық сектордағы реформалардың толыққанды нәтижесін көру мүмкін болмай отыр. Ауыл шаруашылық саласында ғылымды басқару жүйесі жоқ, қаржы тапшы, бюрократия қазынадан бөлінген қаржы мен гранттардың тиісті жеріне дер кезінде жетуіне кедергі болып отыр дейді сенаторлар. Тіпті аграрлық секторда маман тапшы. Халықтың 44 пайызы ауылды жерлерде тұрса да, ауыл шаруашылығында қажетті мамандар жетіспейді. Себебі жастар қалаға кетіп жатыр.

Депутаттар аграрлық секторға маман дайындау мәселесі кенжелеп тұрғанын айтып сынады.

Министр бұл проблеманы шешу үшін аграрлық жоғары оқу орындарының оқу бағдарламасын өзгертеміз деп отыр. Жоғары оқу орнына түсерде ауыл балаларына арналған квота көлемін көбейтпекші.

Сондай-ақ, Сапаров дамыған шетелдік ғылымда функционалды интеграцияланған «кадр даярлау – ғылыми зерттеулер - өндіріс» моделіндегі зерттеу университеттеріне де назар аударамыз. Ғылымды дамытудың мұндай моделін елдегі аграрлық зерттеу институттары мен университеттердің даму бағдарламаcына енгізіп, сол арқылы бәсекеге қабілетті агроөнеркәсіп кешенін қалыптастыруды жоспарлап отырмыз,-дейді. Ал қолда бар «Дипломмен ауылға» бағдарламасының толыққанды жүзеге асуына не кедергі болып отыр?
Сенатор Шиповскихтің айтуынша, қолында дипломы бар жастар ауылға барып жұмыс істеуге құштар емес. Себебі, жергілікті жерлердің бәрінде бірдей жастарды үймен қамту, материалдық жағдайын жасау мәселесі қолға алынып жатқан жоқ.

Ауыл шаруашылық министрлігін тізгіндегеніне көп болмаған Айдарбек Сапаров бұған дейін аграрлық салада жүргізілген реформалар олардың мазмұнын емес, басқарудың әкімшілік формаларын өзгертумен ғана шектелген дейді. Оған қоса, аграрлық ғылымды қаржыландыру ТМД елдерімен салыстырғанда өте төмен. Мәселен, 2022 жылы Қазақстанда аграрлық ғылыми-зерттеулерге жұмсалған қаржы көлемі саладағы ішкі жалпы өнімнің 0,1 пайызын ғана құрады. Ал Арменияда бұл көрсеткіш 0,3%, Беларусьте – 0,6%, Ресейде 1,2 % болды. Бір сөзбен айтқанда, аграрлық ғылымдағы жүргізілген реформалар оң нәтиже әкелмеді, ғылым мен өндіріс арасындағы байланыс нашарлағанын министр де мойындап отыр. Ал сенаторлар аграрлық ғылыми жетістіктер тек қағаз жүзінде қалып, өндіріске енгізілмей жатыр деп қортындылады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.