Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Әкімді мадақтауға 700 миллион теңге бөлінді

c 09:53, 08/12/2020 c 287

0:00 / 0:00

Алматы қаласының әкімдігінің жұмысын насихаттауға 700 миллионов теңге бөлінген. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев елордада өткен баспасөз маслихатында бұл ақпаратты жоққа шығара алмады. Сағынтаев, әкімдік атқарған жұмыстарды насихаттап бұқаралық ақпарат беттерінде жариялағанда тұрған ештеңе жоқ деп отыр.

1,5 жылдан бері мегаполис қаланы тізгіндеген Бақытжан Сағынтаевтың әр қадамын алматылықтар жіті бақылауында ұстайды. Қалада шешімі табылмай жатқан проблемаларды тұрғындар бірден әлеуметтік желіде жариялап, өз талаптарын жазып жатады. Соңғы аты-шулы мәселе-қала көшесінде жайқалып өсіп тұрған ағаштарды кесіп тастаған Сулпак компаниясының әрекетіне қатысты болды. Әкім бұған қынжылатынын айтты. Алайда, Алматы әкімдігінің жұмысын мадақтауға ақшаны аямай құйып жатыр. Бұл мақсатқа 700 миллион теңге бөлінгенін Сағынтаев жоққа шығара алмады. Ал еске сала кетейік, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдер мен министрлерге қажеті жоқ шығындардан яғни жиындардан, дөңгелек үстелдерден, салатантытшаралардан, пиар-қызметтерден бас тартуды жүктеген болатын. Алайда, Алматы шахарының басшысы өз жұмысын насихаттаудан аянып қалып жатқан жоқ.

Бақытжан Сағынтаев – Алматы қаласының әкімі -«700 миллион теңге бұл әкімдіктің жұмысын Бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттауға бағытталған. Ал жеке менің жұмысымды көрсететін өз инстаграмм парақшам бар, баспасөз хатшым бар. Қалада жасалып жатқан жұмыстарды көрсету керек. Мысалы, балаларға алаң салып беруді халық өзі сұраған болатын».

Пиар қызметін атқарып жүрген мамандардың айтуынша, қазақстандық шенеуніктер сынды көтере алмайды. Сол себепті, журналистерге тапсырыс беріп, қаламақыысн төлеп, өздерін мадақтауда алдына жан салмай отыр. Пиар деген сөз әкімсымақтар мен шенеуніктер үшін сәнге айналған. Тіпті блогер жалдап, жұмыстарын жақсы жағынан көрсетіп жататындар да жоқ емес.  Ал осыдан 15 жыл бұрын мемлекеттік құрылымдар мен ұлттық компанияларда «пиар материалдардың қаржыландыруға» бюджеттен қаражат бөлу деген атымен болмағанды. Ал қазір бұл мақсатқа қазынадан миллиондар бөлініп жатады. Шенеуіктер қанша ақша құйып, әлеуметтік желіде, БАҚ беттерінде әр қадамын жариялап жатса да, халық сенімі онымен арта қойған жоқ. Іс пен сөз қиыспаса, ешбір мадақтау, насихаттау әкімді де, шенеунікті де құтқара алмайды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.